Podcast

3 days ago 17.08.2026
Қайрат ФК Бек Шмат Рафаэль Оразбахтин
Бек Шымат: Тұяқбаевты негізгі құрамда шығаратын уақыт келді
Автор
Fonteam редактор
Автор

Фонтим резиденті Бек Шымат Азамат Тұяқбаевқа қатысты өз пікірін білдірді:

"Осы сәтте қоса кетсем... Тұяқбаев соңғы рет 23 мамыр күні негізгі құрамда алаңға шыққан екен. Кеше мысалы, Лев Кургин мен Луиш Мата сол қапталда шығып ойнап жүр екеуі соңғы ойындарда. Немесе, Юккола шығады сол қапталға... Тұяқбаевты бір рет основаға шығаратын уақыт келді ғой негізінде. Төрт ай болды осымен, 15 минут, 18 минут, 20 минут шығады, бір таймға шығады дейікші енді максимум. Кешегі Оразбахтинның айтқан мәселесі бапкер айтатын мәселе емес, пресс-конференцияда айтатын мәселе емес. Жалпы, 18 жастағы баламен бала болмауы керек еді негізі", - деді Бек Шымат.

3 days ago 17.08.2026
Ерсін Ерік Қайрат ФК Рафаэль Оразбахтин
Ерсін Ерік: "Оразбахтин барлығын керісінше істеді"
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Фонтим резиденті Ерсін Ерік "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтинға қатысты сыни пікір білдірді:

"Бір түсінбейтінім, өткенде де айттық қой "Левскимен" ойын кезінде... Не үшін іштегі мәселені бізге айтты, не үшін мәселені басқа жерде шешіп ойынға назар аудармайды деп. Төрт күн өтті, төрт күннен кейін "Қайрат" "Ұлытауға" қарсы ойын өткізіп отыр. Және, Тапалов та бұл ойында ойнайды, Тұяқбаев та бұл ойында ойнайды, және Тұяқбаев бұл ойында гол соғады. Эдмилсонды негізгі құрамда алаңға шығарады. Оразбахтин барлығын осы жерде керісінше істеп жібергендей көрінеді маған", - деді Ерсін Ерік.

3 days ago 17.08.2026
Қайрат ФК Әлімжан Асқар Іріктеу кезеңі Андерлехт Еуропа лигасы
Әлімжан Асқар: "Андерлехт" "Қайраттың" еурокубоктегі ең қиын қарсыласы
Автор
Әлімжан Асқар
Автор

Фонтим жүргізушіаі Әлімжан Асқар "Қайраттың" Еуропа лигасындағы қарсыласы "Андерлехттен" өту өте қиын екенін болжады:

"Андерлехт"  деген "Қайраттың" осы іріктеу кезеңіндегі ең қиын қарсыласы болып тұр ғой. Жалпы, "Омония"-дан дп, "Сутьеска"-дан да мықты ғой әрине. Сондықтан, шамасы... Конференция лигасы шығар деп қорқып отырмын негізі. "Андерлехттен" өту жаман қиын сияқты", - деді Әлімжан Асқар.

6 days ago 14.08.2026
Чемпиондар лигасы Елдос Ахметов Қайрат ФК
Елдос Ахметов: "Қайраттың" ойын тактикасын түсінбедім
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Фонтим резиденті Елдос Ахметов "Қайраттың" ойын тактикасын түсінбегенін айтты:

"Ойын жайлы айтатын болсақ, "Қайраттың" қандай жүйеде ойнап жатқанын түсінбедім. Кім қандай орында жүргенін түсінбедім. Схема, система, ойынға қойылған установка. Соның бәрін менің ойымша ойыншылар түсінген жоқ. Жүйелі ойынды керісінше, "Левскиден" көрдім, тамсанып қарадым ойынын. Ойын жүйесін толық орындады есепке қарамастан", – деді Елдос Ахметов.

6 days ago 14.08.2026
Чемпиондар лигасы Ерсін Ерік Қайрат ФК Рафаэль Оразбахтин
Ерсін Ерік: Бізге Чемпиондар лигасында нәтиже көрсете алатын бапкер керек
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Фонтим резиденті Ерсін Ерік "Қайратқа" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде нәтиже беретін бапкер керек екенін айтты:

"Менің айтатыным, Рафаэль Оразбахтинды, былтыр Чемпиондар лигасына шығарып берді, бірақ ол жақта нәтиже 0. Енді біз тағы сол жаққа шықсақ, былтыр да сондай әңгіме болды ғой. Бізге тек қана шығарып қана қоймай, ол жақта нәтиже көрсететін бапкер керек. Ол жақта ойыншы ауыстыратын сәттер бар, тактикалық жүрістер бар. Былтыр енді соған шамасы жетпегеннен кейін, биыл... Оразбахтин жыл сайын қала бермейді ғой, бір осындай өзгерістер жасау керек еді деп ойлаймын енді", – деді Ерсін Ерік.

6 days ago 14.08.2026
Чемпиондар лигасы Қайрат ФК Ермұхамед Мәулен Рафаэль Оразбахтин
Ермұхамед Мәулен: "Қайратқа" Роджер Шмидт секілді бапкер керек
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Фонтим резиденті Ермұхамед Мәулен "Қайрат" клубына жаңа тәжірибелі бапкер керек екенін алға тартты:

"Роджер Шмидт секілді бапкер керек. "Бенфикамен" Чемпиондар лигасының ширек финалына дейін барған мысалы. Сондай адам керек. Жалпы бапкерді таңдар кезде бес критерийлер бар: клубтық деңгейде ойнаған, өз елінде чемпион болған немесе екінші орын алған, жалпы жүлде ұтқан, кубок суперкубок секілді: екіншіден, еурокубоқтық тәжірибесі бар бапкер қажет. Шамамен, осындай стандарттарға сай болуы тиіс бапкер," – деді Ермұхамед Мәулен.

6 days ago 14.08.2026
Чемпиондар лигасы Қайрат ФК Ермұхамед Мәулен Рафаэль Оразбахтин
Ермұхамед Мәулен: Қайрат Боранбаев Оразбахтинды неге алып тастамайды?
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Фонтим резиденті Ермұхамед Мәулен "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтинға қатысты пікір білдірді:

"Қорғаныстың түрі анау, не шабуылшыны шығармайды. Не масқара анау? Оразбахтин деген бапкерді неге Қайрат Советайұлы Боранбаев ауыстырмайды басқа бапкерге? Дубльдің бас бапкері болатын адам ғой Оразбахтин, при всём моем уважении. Мен өткен жылы айтқанмын, қазір де айтамын. Замена жасай алмайды, әлі күнге шейін", – деді Ермұхамед Мәулен.

6 days ago 14.08.2026
Чемпиондар лигасы Қайрат ФК Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен: болмашы "Левскиды" ұтып тастауға болатын еді
Автор
Ермұхамед Мәулен
Автор

Фонтим арнасының кезекті шығарылымында подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен "Қайраттың" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен ұшып кеткеніне қатысты өз пікірін білдірді:

"Чемпиондар лигасында болмашы "Левскиды" тәжірибесі жоқ, қарапайым болгариялық клубты бірді бірге жалғап отқан, 17 жыл бойы Чемпиондар лигасында ойнамаған команданы ұтып тастауға болатын еді. Бірінші ойынды 0:0 ойнап кел де, өз алаңыңда 1:0 қыл да, кет десей, болды ғой", – деді Ермұхамед Мәулен.

9 days ago 11.08.2026
ҚПЛ-2026 Оқжетпес ФК ҚПЛ жаңалықтары Оралхан Өміртаев Ербол Қайыров
Ербол Қайыров: "Оқжетпестің" мақсаты - Еурокубоктерге жолдама алу
Автор
Fonteam редактор
Автор

Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст қонақтары Ербол Қайыров және Оралхан Өміртаев клубтың мақсатын атап өтті:

"Мүмкіндігіміз бар. Егерде "Ордабасы " Қазақстан кубогын жеңетін болса. Мақсатымыз Еурокубоктерге жолдама алу", - деді Ербол Қайыров.

"Ауызымызды қатты ашпай-ақ қояйық, Алла қаласа", - деп қоштады Оралхан Өміртаев.

9 days ago 11.08.2026
ҚПЛ-2026 Оқжетпес ФК ҚПЛ жаңалықтары Ербол Қайыров
Ербол Қайыров: "Оқжетпестің" бюджеті шектеулі
Автор
Fonteam редактор
Автор

Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст қонағы Ербол Қайыров "Оқжетпестің" бюджеті жайлы айтып берді:

"Бюджет шектеулі, өте шектеулі. Біздің арт жақтағы достарымыз бар ғой, солармен келісімшартқа отырдық. Одан басқа бірнеше компаниялармен әртүрлі серіктестік келісімшарттар орнаттық. Сөйтіп, біртіндеп біртіндеп, клубтың пайдасына асатын қаражат іздеп жатырмыз", – деді Ербол Қайыров.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17