Фонтимның кезекті шығарылымында подкаст қонағы Ербол Қайыров "Оқжетпестің" бюджеті жайлы айтып берді:
"Бюджет шектеулі, өте шектеулі. Біздің арт жақтағы достарымыз бар ғой, солармен келісімшартқа отырдық. Одан басқа бірнеше компаниялармен әртүрлі серіктестік келісімшарттар орнаттық. Сөйтіп, біртіндеп біртіндеп, клубтың пайдасына асатын қаражат іздеп жатырмыз", – деді Ербол Қайыров.