Елордалық «Астана» футбол клубы жаңа инвесторға ие болуы мүмкін. Журналист әрі инсайдер Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, клубтың басқару жүйесі белгілі қазақстандық кәсіпкер Бахтияр Оспановтың қолына өтуі ықтимал.
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч алдында бельгиялық «Андерлехтке» баға беріп, алдағы қарсыластың алматылықтар бұған дейін кездескен командалардан қандай айырмашылығы бар екенін айтты.
Бразилия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» бұрынғы қорғаушысы Роберто Карлос марокколық Сухейла әл-Тахириге үйленгеннен кейін ислам дінін қабылдады деген ақпаратты жоққа шығарды.