Фонтим резиденті Ермұхамед Мәулен "Қайрат" клубына жаңа тәжірибелі бапкер керек екенін алға тартты:
"Роджер Шмидт секілді бапкер керек. "Бенфикамен" Чемпиондар лигасының ширек финалына дейін барған мысалы. Сондай адам керек. Жалпы бапкерді таңдар кезде бес критерийлер бар: клубтық деңгейде ойнаған, өз елінде чемпион болған немесе екінші орын алған, жалпы жүлде ұтқан, кубок суперкубок секілді: екіншіден, еурокубоқтық тәжірибесі бар бапкер қажет. Шамамен, осындай стандарттарға сай болуы тиіс бапкер," – деді Ермұхамед Мәулен.