Фонтим қонағы, "Оқжетпес" ФК шабуылшысы Оралхан Өміртаев ұлттық құрамаға шақырту алу туралы пікір білдірді:
"Ұлттық құрамаға ойнау әрине, ол әр кімге мәртебе. Ойыншылардың ең бірінші армандарының бірі - Отанын қорғау деп есептеймін. Қазақстан үшін жанын салуға барлығы тырысады деп есептеймін. Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншы тек қуанышпен баратынын ғана білемін", – деді Оралхан Өміртаев.
Фонтимның кезекті қонағы Ербол Қайыров "Оқжетпестің" маусымның маңызды бөлігіне дайын екенін жеткізді:
"Қиындау күнтізбеміз. Дайынбыз, дайынбыз деп айтуға болады. Шабуылшырымыз бар, қақпашыларымыз бар. Александр Довгаль оралды. Марсиньо бар, бразилиялық опорник. Тәп-тәуір ойнап жатыр. Бірден алаңға негізгі құрамда шықты. Пастары да мықты, техникасы жақсы. Әбинұр Нұрымбет кетіп қалды, бірақ оның орнын Марсиньо жаба алады деген ниет бар", – деді Ербол Қайыров.
Фонтим резиденті Елдос Ахметов "Оқжетпес" бапкері Ринат Әлеуетовты неліктен жиі атап өтетінін айтты:
"Көбісі айтатын шығар, неге Ринат Әлеуетов ағамыз туралы көп сөз қозғайды деп. Неге айтпаймын? Жұмысын жақсы атқарып жатса, неге айтпасқа? Одан басқа неге басқа бапкерлер туралы айтпайсын деп жатады. Кешіріңіздер енді, қазір көзге түскен нәрсені айтып жатырмыз", – деді Елдос Ахметов.
"Оқжетпес" клубының шабуылшысы Оралхан Өміртаев команданың бас бапкері Ринат Әлеуетовке қатысты өз пікірін білдірді:
"Шыны керек, жылдың басында командаға келген кезде өз талаптарын бірден қойып тастады. Біздің жаттығулар өте қиын болды, соған қарамастан шыдап, барлық жоспарды орындап, маусымды бастадық. Алғашқы үш турда 7 ұпай жинадық, маусымды жақсы бастадық. Әрі қарай үзіліс болды, сол үзілістен кейін өзімізге деген сеніміміз арта бастады. Осындай қысқа маусымның ішінде команданы жасақтау оңай шаруа емес", – деді Оралхан Өміртаев.
Фонтим резиденті Олжас Байбосын "Оқжетпестің" ойынға деген жігерін атап өтті:
"Негізі осындай ойында Қазақстан чемпионатында тактикаға қарағанда, настройға жұмыс істеген дұрыс қой. Негізі ойын басталған кезде көрдім, "Оқжетпестің" настройы күшті болды, жанкүйерлері де, қолдауы да, барлығы керемет болды", – деді Олжас Байбосын.
Фонтим резиденті Ерсін Ерік "Ақтөбенің" ойыны жақсарып қалады деген пікір білдірді:
"Мен "Ақтөбенің" алдағы ойындарына сеніп тұрмын негізі. Мианг деген негізі тәуір командадан келген ғой. Ертең ортада Зария ойнаса, Абат ойнап кетсе, жақсарып кететін сияқты ойыны", – деді Ерсін Ерік.
Фонтим резиденті Елдос Ахметов "Ақтөбенің" "Қызылжардан" жеңілгеннен кейін клубта тұрақтылық жоқ екенін атап өтті:
"Жалпы сенсация болды. "Ақтөбенің" ойыны неге көңілден шықпады? Өйткені, "Ақтөбеде" тұрақтылық жоқ. Тренерды ауыстырып жатыр, ауыстырып жатыр, бірақ білмеймін, бір нәрсе не то", – деді Елдос Ахметов.
Фонтим резиденті Елдос Ахметов қазақстандық ойыншылардың негізгі құрамға өтпей қалу себептерін түсіндірді:
"2015 жылы біздің команданы ("Астана" ФК) екіге бөлді: қазақстандық құрам, және Чемпиондар лигасында ойнайтын құрам. Әрине, іште өкініш болды. Бірақ, басты рөлге нәтиже шығады. Егерде нәтиже жақсы болып жатса, сен ештеңе істей алмайсың. Қанша жерден тырыссаңда...
Бізді көріп отырған футболшылар болса, Сәдібеков, Байбек, Тұяқбаев... Сол сияқты ойыншылар шыны керек лайықты, қосалқы құрамда отырмайя алаңға шығып ойнауға лайықты. Бірақ бұл жақта нәтиже бірінші орында. Өйткені, бұл сәтте "Қайраттың" мүддесі тұр. Осыны ойыншылар түсіну керек. Саған 90 минут берілмесе де, сен дайын болу керексің, бір минут болсын, 25 минут болсын", – деді Елдос Ахметов.
Фонтим резиденті Бек Шмат "Қайраттың" "Омонияға" қарсы матчта үздік ойыншыны атады:
"Анарбеков матчтың үздігі дегенде... Анарбеков, иә, пенальти бойынша аламыз ғой мысалы. Бірақ в свтор нөл ғой. Ешқандай сейв болған жоқ қой матчта былай алып қарағанда. Матчтың үздік ойыншысы ретінде Гуальды немесе Азамат Тұяқбаевты алайықшы. Тұяқбаев қалай ойнады? Шықты да, шайқады ғой. Сұмдық қой, жаңағы үш қорғаушыны артынан алып кетеді, сол қапталдан соққыны жасап жатыр, жасап жатыр. Иә, түсінеміз, сәл реализация болмай жатыр түбінде", – деді Бек Шмат.
Фонтим резиденті Елдос Ахметов "Қайрат" бапкері Рафаэль Оразбахтинға қатысты пікір білдірді:
"Рафаэль Оразбахтин ағамызды мақтап кеткім келіп отыр. Өйткені, бұл ойында, 36 минутта қателеспесем, удалениеден кейін бес қорғаушыдан төртке көшіп, төртеуден екі шабуылшы шығарып, Эдмилсонды, не деген реакция... Негізі ол күтпеген жағдай. Егерде сондай жағдай болған кезде, план Б дейміз ғой, соған көшіп кеткені, ол реакция. Және де Эдмилсон да гол соғып, осы ойынның ең үздік ойыншыларының бірі болды. Ол сәйкестік емес қой", – деді Елдос Ахметов.