Фонтим резиденті Елдос Ахметов "Қайраттың" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өткені жайлы өз пікірін білдірді:
"Шыны керек, осы ойынды өз басым асыға күттім. Өйткені, "Қайраттың" өткен еуромаусымдағы нәтижесі кездейсоқ емес екенін дәлелдейтін уақыт келді деп есептеймін, дәлелдеп те жатыр. Қазіргі құрам былтырғыға қарағанда сәл өзгеше. Бірақ, ойыншылардың әлі бір-бірімен түсінісе ала алмай жатқанын байқадым. Әлі кішігірім уақыт жетпей жатырған сияқты бұл ойыншыларға әлі", – деді Елдос Ахметов.
Фонтим резиденті Дидар Есімов "Қайрат" - "Ордабасы" матчында болған нәтижеге таң қалмағанын айтты:
"Негізі иә, күттім ("Қайраттың" жеңісін). "Қайрат" қазір керемет бабында ғой енді, еурокубоктерде ойнап жатыр, дайындығы мықты. Бірақ, мына матчтың ойын сценарийіне тез соғылған гол әсер етті деп ойлаймын. Гуаль 14-минутта гол соғып кетті, содан кейін "Қайрат" та өте прагматикалық тұрғыда ойнады. Допты қарсыласына беріп қойып, өздері сол қарымта шабуылдарды көздеп жүрді", – деді Дидар Есімов.
Фонтим резиденті Бек Шмат 19 турдың орталық матчында екі команда да бес қорғаушымен ойнағанына таң қалғанын жеткізді:
"Осы жерде Елдос аға, сұрайыншы... Неге бес қорғаушымен ойнайды екеуі де? Мен Қазақстан тарихында бес қорғаушымен чемпион болған команданы көрген емеспін ешқашанда. Сіздердің кездеріңізде "Қайрат" та, "Астана" да, бәрі төрт қорғаушымен ойнаған. 2023 жылы "Ордабасы" да төрт қорғаушымен ойнап шыққан, Исламхан мен Тағыберген ортада ойнаған кезде. Неге бес қорғаушымен ойнайды осылар?", – деді Бек Шмат.
Подкаст резиденті Елдос Ахметов 19 турдың негізгі матчында екі команданың да қорғанысқа көп көңіл бөлгенін атап өтті:
"Ойынды көрдім. Өкінішке орай, екі команда да өз стилдерінен алыстап кетті. Әрине, қысым болды ғой, кім бірінші орынға шығады деген, сол себепті екі бапкерде қорғаныс ойынын ойнап кетті", – деді Елдос Ахметов.
Подкаст резиденті Ерсін Ерік Аргентинаға қарсы жасалып жатқан әңгімелерге қатысты өз пікірін білдірді:
"Мысалы, Англияға қарсы ойында, Англия өздері беріліп қалды негізі, қорғаушыларды шығарып, өздері іріп қалды да, камбэкті Аргентина по делу істеп тастады. Ал мына ойында, финалда төреші бұрамын десе, бұратын еді ғой, сатып алса егер. Ол фол жасаған сәтте, штрафной бере беруші еді. Бірінші таймға төрт минут емес, жеті минут қосушы еді. Екінші таймға тоғыз минут қосатын еді. Егер әу баста Аргентинаны чемпион қыламыз деген жоспар болса, сол жоспарды соңына дейін жеткізуші еді ғой", – деді Ерсін Ерік.
Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар финалдық ойында Аргентина сапындағы үздік ойыншының атады:
"Эмилиано Мартинес саусағын сындырып алса да, матчтардың барлығыға қатысты. Мартинес осы финалда Аргентина сапындағы үздік ойыншы. Өте керемет ойнады, нағыз перформансын көрсетті. Жалпы,2022 жылы не үшін үздік болғанын осы финалда тағы көрсетті", – деді Әлімжан Асқар.
Подкаст резиденті Олжас Байбосын Аргентинаның финалға дейін жететінін күтпегенін айтты:
"Жоқ, Аргентинаның қатты жанкүйері емеспін, Месси ғой, Мессидің ойыны ұнайды. Бірақ, Аргентина финалға барады деп ойлаған жоқпын осы чемпионат басталған сәтте. Өйткені білген жоқпыз ғой деңгейін. Уже уровень түсіп кеткен, МЛС-те жүр деп. Қате болып қалды бірақ (күліп), финалғе дейін сүйреді", – деді Олжас Байбосын.
Финалдық матчтан кейін подкаст резиденті Олжас Байбосын Аргентинаның Испанияға қарсы қауқарсыз болғанын айтты:
"Ойын үнаған жоқ, нашар ойын болды негігі. Аргентина ештеңе істей алмады, қауқарсыз болды. Соңына шейін, пенальти сериясына дейін сүйрегісі келді, жетпей қалды енді, қысып жіберді... Енді бірде-бір соққы болмапты ғой қақпаға", – деді Олжас Байбосын.
Финалдық матчтан кейін подкаст резиденті Ерсін Ерік ойынға толық көңілі толмағанын жеткізді:
"Матчтан кейінгі эмоция? Бұданда күшті ойын күткен едім финалдан... екі команданың голдарымен, мүмкін пенальти бола ма деп ойлап едім. Испания құрамасы, Бельгиямен, Португалиямен ойындағыдай, тура осы матчта да қарсыласты үміттендіріп қойды да, қарсалас жанкүйерлерін үміттендіріп қойып, ақыр соңында өздері жеңіп шықты", – деді Ерсін Ерік.
Подкаст жүргізушісі Әлімжан Асқар Англия қақпашысы Джордан Пикфордты қатты кінәлауды қажеті жоқ деп есептейді:
"Білмеймін енді, Пикфордты да қатты айыптаудың қажеті жоқ сияқты... Алыстан соққы болды, оны қайтара алмады, оны мойындаймыз. Топ-клубта ойнамаса да, ұлттық құрамада барын салды ғой енді", - деді Әлімжан Асқар.