Фонтим резиденті Елдос Ахметов қазақстандық ойыншылардың негізгі құрамға өтпей қалу себептерін түсіндірді:
"2015 жылы біздің команданы ("Астана" ФК) екіге бөлді: қазақстандық құрам, және Чемпиондар лигасында ойнайтын құрам. Әрине, іште өкініш болды. Бірақ, басты рөлге нәтиже шығады. Егерде нәтиже жақсы болып жатса, сен ештеңе істей алмайсың. Қанша жерден тырыссаңда...
Бізді көріп отырған футболшылар болса, Сәдібеков, Байбек, Тұяқбаев... Сол сияқты ойыншылар шыны керек лайықты, қосалқы құрамда отырмайя алаңға шығып ойнауға лайықты. Бірақ бұл жақта нәтиже бірінші орында. Өйткені, бұл сәтте "Қайраттың" мүддесі тұр. Осыны ойыншылар түсіну керек. Саған 90 минут берілмесе де, сен дайын болу керексің, бір минут болсын, 25 минут болсын", – деді Елдос Ахметов.