«Реал» Тереса Эррера трофейінде «Депортивоны» минималды есеппен жеңді
Матч Ла-Коруньядағы «Риасор» стадионында өтті. Кездесудегі жалғыз гол бірінші таймның соңында соғылды. Мадридтіктер қақпасына төнген қауіпті сәттен кейін Андрей Лунин допты қолына түсіріп, бірден қарымта шабуылды бастады. Браим Диас допты өз алаңынан алып шығып, қарсыластың айып алаңына дейін жетті де, қақпашыны дәл соққымен қапы қалдырды - 1:0.
Оған дейін Эндриктің де есеп ашатын мүмкіндігі болған. Алайда оның соққысын «Депортиво» қақпашысы Лео Роман қайтарды. Үзілістен кейін екі команданың бапкерлері құрамға бірқатар өзгеріс енгізгенімен, таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Кездесудің қалған бөлігінде «Депортиво» таразы басын теңестіруге тырысты. Дегенмен мадридтіктер қорғаныста сенімді ойнап, бір доп айырмасындағы басымдығын соңына дейін сақтап қалды.
Тереса Эррера трофейі. Жолдастық матч
«Депортиво Ла-Корунья» - «Реал» - 0:1
Гол: Браим Диас.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.