Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұрған шымкенттік команда ел кубогын жеңіп алуға тағы бір маңызды қадам жасады. Турнирдің қарымта кездесуінде «Ордабасы» «Алтайды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Голдарды «Ордабасы» шабуылшысы Бьорн Йонсен мен жартылай қорғаушы Жасұлан Әмір соқты. Айта кетейік, алғашқы ойында да шымкенттіктер қарсыластарын 3:1 есебімен жеңген болатын.
«Ұзақ әрі қажырлы еңбектен кейін біз басты мақсатымызға – финалға шығуға қол жеткіздік. Бұл ойын өте ауыр өтті, бізден барынша шоғырлануды талап етті. Екі матчтың айырмашылығы? Біріншісі өз алаңымыз – Шымкентте өтті, ал үйде біз әлдеқайда сенімді ойнаймыз. Екінші кездесуде қиындықтар болды, себебі жасанды алаңда ойнау ойынның стилін өзгертеді. Бірақ жанкүйерлеріміздің қолдауының арқасында біз жеңіске жетіп, финалға жолдама алдық – бұл ең маңыздысы! Менің ойымша, финал өте шиеленісті әрі күрделі болады. Дегенмен біз өз ойынымызды көрсетіп, қарсыласқа өз ырғағымызды таңуға тырысамыз және трофейді Шымкентке алып келу үшін барымызды саламыз», – деді Лео Натэл.
Қазақстан кубогының финалдық матчы 7 қарашада өтеді. Бас жүлде үшін «Ордабасы» мен екі ойында да астаналық «Жеңісті» жарыстан шығарған «Қайсар» тартысады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.