Мадридтік «Реал» жаңа маусымға дайындығын жалғастырып жатыр. Команда кезекті жолдастық кездесуінде Тереса Эррера трофейі аясында «Депортиво Ла-Коруньямен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
«Барселона» Италияның Удине қаласында өткен Friuli Venezia Giulia Cup халықаралық жолдастық турнирінде жеңімпаз атана алмады. Үш команда қатысқан жарыстың бас жүлдесін алаң иесі «Удинезе» иеленді.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев «Челсидің» маусым алдындағы турнесі аясында өтетін «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық кездесудің негізгі құрамына енген жоқ.