Елордалық «Астана» футбол клубы жаңа инвесторға ие болуы мүмкін. Журналист әрі инсайдер Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, клубтың басқару жүйесі белгілі қазақстандық кәсіпкер Бахтияр Оспановтың қолына өтуі ықтимал.
«Ертіс» пен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының экс-қорғаушысы Мидат Галбаев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында отандық клубтардың біріне иелік ету жоспары бар екенін айтты.