«Каспий» мен «Ұлытау» Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында бір-бір ұпайдан еншіледі. «Қайсар Арена» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) премьер-лиганың 19-туры аясындағы жезқазғандық «Ұлытау» мен павлодарлық «Ертіс» арасындағы матчқа қатысты тексеріс бастайды, деп хабарлайды ASnews.kz ҚФФ ішіндегі өз дереккөзіне сілтеме жасап.
Жезқазғандық «Ұлытау» мен Никарагуа құрамасының шабуылшысы Ариагнер Смит ҚПЛ-дың 16-турындағы «Ордабасыға» қарсы ойыннан кейін (0:1) ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында матчтың қиын тұстары және қарсыластың басымдығы туралы айтты.