Алматылық клубтың белсенді жанкүйерлері Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Левскиге" қарсы қарымта матчты стадионнан тамашалау үшін Түркістанға аттанады.
«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Жоау Пауло Sports24.kz-ке берген пікірінде алматылық клубты Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алуымен құттықтап, қақпашы Анарбектің ойынына жоғары баға берді.
Алматылық «Қайраттың» португалиялық қорғаушысы Луиш Мата ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Кипрдің «Омониясына» қарсы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жеңісті матчтан кейін өз әсерімен бөлісті.