2025/26 маусымының қаржылық мониторингінің қорытындысы бойынша УЕФА футбол кірістері мен құрамға жұмсалатын шығындардың табысқа сәйкестігіне қатысты ережелерді сақтамаған бірнеше клубқа, соның ішінде «Астана» ФК-ға да айыппұл салды.
Албания құрамасының және «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Аздрен Лулаку ASnews.kz сайтына берген сұхбатында елордалық клубтың Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде албаниялық «Динамо Ситиге» қарсы өтетін кездесуінен не күтетінін айтты.