Елордалық «Астана» футбол клубы жаңа инвесторға ие болуы мүмкін. Журналист әрі инсайдер Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, клубтың басқару жүйесі белгілі қазақстандық кәсіпкер Бахтияр Оспановтың қолына өтуі ықтимал.
«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян клубтағы инвесторлар мен жалақылар туралы сұраққа жауап берді, сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасындағы үздік үштік үшін күреске қатысты ойын айтты.