«Әл-Наср» Сауд Арабиясы Патша кубогындағы жорығын сенімді бастады. Эр-Рияд командасы 1/16 финалда сырт алаңда «Әл-Дирияны» 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, келесі кезеңге өтті.
«Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымын сәтті бастады. Бірінші турда елдің қазіргі чемпионы өз алаңында «Әл-Фатехті» 3:0 есебімен сенімді жеңді.