«Қайрат» ойыншысы Алматы мен Шымкенттегі стадиондардағы атмосфераны салыстырды
Финляндия құрамасы мен алматылық «Қайраттың» ойыншысы Яакко Оксанен Sports24.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында стадиондағы атмосферадан алған әсерімен бөлісті.
«Атмосфера өте тамаша болды, мойындау керек – жанкүйерлер керемет. Алматыдағы атмосферамен салыстыруға бола ма? Екі командада да жанкүйерлер өте жақсы», – деді Яакко.
Сондай-ақ футболшы қарсылас пен ойын туралы ойын айтты.
«Бұл өте қиын ойын болды, қарсылас өздерін жақсы көрсетті. Бізге әлі де күштірек ойнау керек», – деді жартылай қорғаушы.
Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 12-турындағы кездесуде «Ордабасы» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді. Осылайша Андрей Мартин шәкірттері 28 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға шықты.
Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы сары-қара түсті командаға 2025 жылдың желтоқсанында қосылған болатын. Бүгінгі ойында финдік футболшы алаңда толық 90 минут өткізді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.