Неймар 2026 жылғы ӘЧ алдында жарақат алды
Футболшыда оң жақ балтыр бұлшықетінде ісік анықталды, деп жазады Ge Globo.
Дереккөздің мәліметінше, жарақат аса ауыр емес, алайда ойыншыға емделіп, уақытша жүктемені шектеу қажет болады. Қазір 34 жастағы шабуылшы «Сантос» жаттығу орталығында жеке медициналық штабының бақылауымен қалпына келіп жатыр.
Сонымен қатар, Неймардың жағдайын Бразилия футбол конфедерациясының мамандары бақылауда ұстап отыр.
Шабуылшының 27 мамырға дейін толық жаттығуға оралып, әлем чемпионаты басталар алдында құрамасына қосылуы күтіледі.
Бразилияның ӘЧ-ға қатысатын құрамы
Айта кетейік, Неймардың әлем чемпионатына шақырылғаны 18 мамырда ресми түрде мәлім болды.
Топтық кезеңде пентакампеондар Марокко, Шотландия және Гаитимен кездеседі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.