"Бавария" Германия кубогының финалына шықты
Бұл кездесуде Леверкузеннің «Байері» мен Мюнхеннің «Бавариясы» өзара күш сынасты. Ойын Леверкузен қаласындағы «БайАрена» стадионында өтті. Кездесуге Берлиннен келген Феликс Цвайер бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті. Матч мюнхендік команданың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Ойынның 22-минутында «Баварияның» шабуылшысы Гарри Кейн есеп ашты. Ал 90+3-минутта Луис Диас қонақтардың басымдығын еселей түсті.
Турнирдің ширек финалында мюнхендік клуб «РБ Лейпцигті» 2:0 есебімен жеңген болатын. Ал Леверкузен командасы осы кезеңде «Санкт-Паулиді» 3:0 есебімен ұтты.
Кубоктың екінші жартылай финалында «Штутгарт» пен «Фрайбург» кездеседі. Бұл матч 23 сәуірге жоспарланған.
Германия кубогының қазіргі иегері — «Штутгарт». Клуб 2024/2025 жылғы маусымда финалда «Арминияны» 4:2 есебімен жеңіп, трофейді жеңіп алған.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.