"Ертіс" шабуылшысы Мессидің клубында ойнағанын айтып берді
«Жасөспірім кезімде Жапонияда ойнап жүрдім, бір кезде Аргентинада байланыстары бар агент маған осындай мүмкіндік ұсынды. Еш ойланбастан келістім. Өйткені „Ньюэллс“ Лионель Мессимен тікелей байланысты, ал Росарио — оның туған қаласы. Әрине, бұл үлкен әсер қалдырды.
Оңтүстік Америкадағы тәжірибе мені шыңдады. Өтірік айтпаймын, дәл сол жерде футболдың негіздерін үйрендім. Бұл өмірімдегі маңызды кезең болды. Ең қатты таңғалдырғаны — түнде атылған оқ дауыстары, сондай жағдайда ұйықтап көр», — деді Симамура.
Еске салайық, 26 жастағы футболшы Юси Симамура наурыз айында словакиялық «Михаловце» клубынан «Иртышқа» ауысқан. Қазақстан Премьер-лигасындағы төрт матчта жапониялық ойыншы бір гол соғып, бір пенальти алып берді.
Ньюэллс Олд Бойз — Аргентинадағы танымал клубтардың бірі, онда Лионель Месси кәсіби мансабын бастаған. Клуб вице-президенті Хуан Мануэль Мединаның айтуынша, басшылық шабуылшыны 2027 жылы қайта оралту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.