Өткен маусымда Бундеслигада ағылшын шабуылшысы 36 гол соғып, 72 ұпай жинады – бұл көрсеткіш оған екінші орын иегері Эрлинг Холандтан айқын алшақтауға мүмкіндік берді. Холанд 9 допқа аз соғып, 54 ұпаймен екінші болды. Үшінші орын Килиан Мбаппеге бұйырды, оның 25 голы 50 ұпайға айналды.
Айта кетерлігі, үздік сұрмергендер ондығында бірден екі ойыншы топтық емес лигалардан шықты: Загребтің «Динамо» клубынан Дион Дрена Бело 31 гол соғып, 46,5 ұпай жинаса, кипрлік «Омонияның» ойыншысы Райан Ммае 25 голымен 37,5 ұпайға жетті.
Марокколық шабуылшы «Қайратқа» қарсы ойындарға қатыспады, себебі жазғы трансферлік терезеде ол «Омониядан» мексикалық «Атласқа» ауысты. Кейн үш жылда екінші мәрте бұл марапатқа қол жеткізіп отыр – бұған дейін ол 2023/2024 маусымында да топ жарған еді.
2025/2026 маусымының «Алтын бутса» үздік ондығы
Гарри Кейн («Бавария») — 36 гол (x2 — коэффициент) — 72 ұпай
Эрлинг Браут Холанд («Манчестер Сити») — 27 гол (x2) — 54 ұпай
Килиан Мбаппе («Реал» Мадрид) — 25 гол (x2) — 50 ұпай
Дион Дрена Бело («Динамо» Загреб) — 31 гол (x1,5) — 46,5 ұпай
Ведат Мурики («Мальорка») — 23 гол (x2) — 46 ұпай
Игор Тиаго («Брентфорд») — 22 гол (x2) — 44 ұпай
Луис Суарес («Спортинг») — 28 гол (x1,5) — 42 ұпай
Эстебан Леполь («Анже» / «Ренн») — 21 гол (x2) — 42 ұпай
Дениз Ундав («Штутгарт») — 19 гол (x2) — 38 ұпай
Райан Ммае («Омония») — 25 гол (x1,5) — 37,5 ұпай
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.