«Ең алдымен ұзақтан келіп, осындай керемет атмосфера жасаған жанкүйерлерге алғыс айтамын. Өкінішке орай, оларды жеңіспен қуанта алмадық. Бүгін кем дегенде бір гол соғуға лайық болдық. Қақпаға қанша тепсек те, гол соғу бұйырмады. Еңсемізді түсірмейміз, алда маңызды матчтар бар. Алға қарай жылжи береміз. Осындай ойындардың арқасында тәжірибе жинап, болашақта пайдаға жаратуға болады».
«Алаңның сапасы мен ауа-райы жеңілуімізге себеп емес. Қарсылас та дәл сондай жағдайда ойнады. «Левски» өз мүмкіндігін пайдаланды, ал біз гол соға алмадық. Әдемі ойын көрсеткен команда емес, гол соққан команда жеңіске жетеді».
«Былтыр бізде команданың ойынына энергия беріп, шабуылға жылдамдық қоса алатын Дастан Сәтпаев болды. Жоржиньо да көп жұмыс атқаратын еді. Қара жұмысты да жасап, шабуылға да жақсы араласатын. Оған адамдардың не үшін сын айтатынын түсінбеймін. Команда үшін өте пайдалы ойыншы болды. Сондай-ақ бүгін бізге Александр Мартынович жетіспеді. Ол ауырып қалды, үш күн бойы температурасы түспеді. Сондықтан емделу үшін Алматыда қалды».
«Қайрат» екі матчтың қорытындысы бойынша болгариялық клубтан 0:2 есебімен жеңіліп, Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады. Енді Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ПАОК (Грекия) / «Андерлехт» (Бельгия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.