Marca мәліметінше, америкалық клуб Неймардың мансабын жалғастыруы ықтимал бағыттардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Дегенмен әзірге футболшы мен «Интер Майами» арасында нақты келісім де, ресми келіссөздер де жоқ.
Неймардың «Сантоспен» қазіргі келісімшарты 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептелген. Шабуылшы маусым аяқталғаннан кейінгі жоспары жөнінде түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Ол Бразилияда қалуы, басқа клубқа ауысуы немесе мансабына қатысты өзге шешім қабылдауы мүмкін.
«Интер Майами» нұсқасына ерекше назар аударылуының басты себебі – Лионель Месси мен Луис Суарес. Неймар олармен бірге 2014–2017 жылдары «Барселона» сапында өнер көрсетіп, әлем футболындағы ең қауіпті шабуыл үштіктерінің бірін құрған еді. Енді Майамиге ауысу бразилиялықты бұрынғы серіктестерімен қайта табыстыруы мүмкін.
Әзірге Неймардың «Интер Майамиге» ауысуы ықтимал нұсқалардың бірі ғана. Америкалық клуб та бразилиялық футболшымен келіссөз жүргізіп жатқанын ресми түрде жариялаған жоқ.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.