ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн жұмыс сапарымен Шымкентке барды

Автор
Fonteam редактор
Автор
20.07.26, 07:00
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн жұмыс сапарымен Шымкентке барып, өңірдегі футбол инфрақұрылымымен танысты.
ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн жұмыс сапарымен Шымкентке барды
Сурет: ашық дереккөздерден

Сапар барысында ҚФФ бас хатшысы Премьер-лиганың 18-туры аясындағы «Ордабасы» – «Елімай» матчын тамашалап, ойынның ұйымдастырылу деңгейіне баға берді. Сондай-ақ ол елімізге танымал «БИІК» спорт базасын аралап, Шымкенттің футбол инфрақұрылымын жан-жақты зерделеді.

Бұған дейін Скотт Манн еліміздің өзге өңірлеріндегі бірқатар маңызды футбол іс-шаралары мен нысандарын да аралаған болатын:

Алматыда – QJ League All Star құрамасы мен германиялық «Боруссия» (Мёнхенгладбах) клубы арасындағы матчқа қатысты.

Астанада – Премьер-лиганың 17-турындағы «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы орталық ойынды тамашалады.

Семейде – Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі «Елімай» – «Алашкерт» арасындағы қарымта матчты тамашалап, өңірдегі футбол федерациясының инфрақұрылымы мен футболды дамыту бағдарламасымен танысты.

ҚФФ бас хатшысы алдағы уақытта Қазақстанның барлық өңірін аралауды жоспарлап отыр. Бұл сапарлардың басты мақсаты – жергілікті футбол ұйымдарымен тығыз байланыс орнату, өңірлердегі ахуалды жан-жақты зерделеу және өзара ынтымақтастықты күшейту арқылы қазақстандық футболдың дамуына серпін беру.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

20.07.26, 07:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17