Podcast

115 days ago 27.04.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Ордабасы ФК Қызылжар ФК ҚПЛ жаңалықтары
Елдос Ахметов: "Ордабасы" шабуылдаушы ойын стилін дәріптеуде
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының жетінші тур ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов “Қызылжар” – “Ордабасы” ойынына талдау жасады:

“Ойынға келетін болсақ, ерінбей қарадым. Ойын қызық болды. себебі командалардың стилдері мүлдем қарама-қайшы болды. “Ордабасы” алғашқы минуттардан шабуылға дем қойып, керемет пастар арқылы қарсылас қорғанысын бұза бастады. Ойншылар орталық алаңда керемет ашылып жүрді, екі жаңа ойынщысы Абагна мен Натель жоғары деңгейде ойнады.

Ал “Қызылжар” болса, алғашқы минуттардан допты қарсыластың жарты алаңына теуіп жіберіп, бес қорғаушымен қорғана бастады.

115 days ago 27.04.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Қайсар ФК ҚПЛ жаңалықтары Қақпашы Нұрымжан Салайдин
Елдос Ахметов: "Нұрымжан Салайдин ұлттық құрамаға үміткер"
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының жетінші тур ойындарына шолу болды.

Подкаст барысында “Қайсардың” сырт алаңда бір ұпай еншіленгені қақпашы Нұрымжан Салайдинның арқасы екені айтылды:

“Иә, Нұрымжанды жақсы танимын, араласамын. Ол өте еңбекқор жігіт, өз мүмкіндігін біраз күтті. Младеновтың кезінен бастап өз бағын күтіп жүрді, ал қазір мінекей, қатарынан екі жыл ойнауда. Ұлттық құрамаға ілінуі мүмкін деген жігіттердің бірі, оның ойынын бақылап жүрмін”, деді Елдос Ахметов.

115 days ago 27.04.2026
Елдос Ахметов Подкаст ҚПЛ-2026 Оқжетпес ФК Қайсар ФК Алмат Бекбаев
Алмат Бекбаев: "Бөрібаев қызыл қағаз алуы тиіс еді"
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының жетінші тур ойындарына шолу болды.

Танымал футбол эксперті, экс-қақпашы Алмат Бекбаев “Оқжетпес” – “Қайсар” матчында болған даулы эпизод жайлы өз пікірін білдірді:

“Менің ойымша, қызыл қағаз беруі керек еді (Бөрібаевқа). Олай ойнауға болмайды, футболдың этикасы, мәдениеті бар. Ал ол болса, кәдімгі ауылда жүргендей, аяғымен теуіп. Ал қарсылас аяғына тигенде не болар еді?”

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов те бұл сәтке пікірін қосты:

“Негізгі фактор сол болып тұр ғой, аяғына тиген жоқ, негізі дөрекі болды. Енді бірінші жолы төреші Нұрғайниді кешірді деп ойлаймын. Келесі жолы осындай қателік, немесе дөрекілік болса, міндетті түрде қызыл қағаз көрсетіледі”.

122 days ago 20.04.2026
Олжас Байбосын ҚПЛ-2026 Астана ФК Елімай ФК Мақсат Абраев
Олжас Байбосын: Мақсат Абраев "Астананың" үздік ойыншысы
Автор
Олжас Байбосын
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турын ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, танымал спорт журналисі Олжас Байбосын “Астананың” жас таланты Мақсат Абраев жайлы өз пікірін білдірді:

“Бұл ойында ерекше Абраевты мақтағым келіп отыр. Абраевтың голы енді тамаша болды. Ол мысалға жас футболшы болса да, өзіне жауапкершілік алудан қорықпай тұр ғой. Бізде кішкентай кезінен қорқытып тастайды ғой, теппе, пас бер деп, ондай мәселе бар ғой. Ал Мақсат болса, допты алды, пас берген жоқ, тепті, гол соқты. Тәуекел өзін өзі ақтады, Абраев “Астана” сапында маусымды керемет бастады. Үздік футболшысы клубтың деп айтсам болады”, – деді Олжас Байбосын.

Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турында “Елімай” Астанамен” өткен матчта тең тарқасты, есеп 2:2.

122 days ago 20.04.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Оқжетпес ФК Ордабасы ФК Әлімжан Асқар
Әлімжан Асқар мен Елдос Ахметов Ринат Әлеуетовты мақтады
Автор
Әлімжан Асқар
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турын ойындарына шолу болды.

Подкаст жүргізушісі, белгілі комментатор және спорт журналисі Әлімжан Асқар “Оқжетпестің” ойын схемасына көңіл бөлді:

“Оқжетпес” футбол клубының алаң ортасындағы ойынын ерекше айтқым келіп тұр. Орталық алаңда бес алты футболшы ойнап, “Ордабасыға” мүлдем бермей қойды ғой ортаны Ринат Әлеуетовтың шәкірттері”.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов бұл ойды қолдап, бос кеңістік жайлы өз ойын білдірді:

“Бұл бір стиль. Ортаны берсең, ашып тастасаң, қақпаға ең барар жеңіл жол ол орта ғой. Ортаны жауып, тек шеттерден ғана бос кеңістік қалдырды”.

122 days ago 20.04.2026
Ерсін Ерік ҚПЛ-2026 Ақтөбе ФК
Ерсін Ерік: "Ақтөбе" ойыншыларының физикалық жағдайы нашар
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турын ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, танымал спорт комментаторы Ерсін Ерік “Ақтөбе” ойыншыларының физикалық дайындығы төмен екенін алға тартты:

“Мен алдында “Ақтөбе” туралы көп айттым ғой алдында. Содан бір жанкүйермен кездестім, мықты фанат екен, байланыстары бар екен, клубтан хабары бар екен. Есімін айтпай ақ қояйын. Сол кісі мынандай ақпарат жеткізді маған: Костов келген кезде физикалық дайындық жасамаған мүлдем командаға,физикалық команда дайын емес. Содан кейін олар физикалық жүктеме болмағасын Жуков жарақат алады, Сейдахмет жарақат алады, Қайыров жарақат алады. Физика жоқ, одан бөлек алдын ала оған айтқан екенін қай уақытта кететінін. Сосын бапкерде де мотивация жоғалған, жұмыс дұрыс жүрмеген. Содан кейін жаңа бапкер келді. Өткенде, “Арысқа” қарсы неге негізгі құрамды жығардыңыз деген сұраққа бапкер: “командаға физикалық жүктеме беріп жатырмыз”, деп жауап берді.

122 days ago 20.04.2026
Елдос Ахметов ҚПЛ-2026 Ақтөбе ФК Жеңіс ФК
Елдос Ахметов: "Ақтөбе" ойыншыларында ауызбіршілік жоқ
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турын ойындарына шолу болды.

Подкаст жүргізушісі, белгілі комментатор және спорт журналисі Әлімжан Асқар "Жеңіс" – "Ақтөбе" ойынына шолуда “Ақтөбе” ойыншысы Пибенің нашар ойнағаны жайлы Елдос Ахметовқа сұрақ қойды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметовтың айтуынша, “Ақтөбе” сапында нашар ойнаған тек Пибе емес:

“Пибе ғана емес, бүкіл команда негізі ахуалда жүр деп ойлаймын. Түсініспеушілік бар, ауызбіршілік жоқ. Бір шәй ішу керек деген сияқты әңгімелер керек болып тұр “Ақтөбеге”. Содан кейін, бұл ойынның бір қысымы сондай болды, ойыншыларға әсер етіп жатқан сияқты. Өйткені, Заруцкийдің өзінде қобалжу бар болды, оны “Қайрат” кезінен жақсы білемін, бұрын ондай болмаған, сөйтсем, ол қобалжу бүкіл балаларда бар екен”, – деді Елдос Ахметов.

Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турында “Жеңіс” өз алаңында “Ақтөбеден 1:0 есебімен басым түсті.

122 days ago 20.04.2026
ҚПЛ-2026 ВАР ҚФФ
Әлімжан Асқар: ҚФФ ВАР жүйесіне қатысты ашық есік күнін өткізді
Автор
Әлімжан Асқар
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турын ойындарына шолу болды.

Подкаст жүргізушісі, белгілі комментатор және спорт журналисі Әлімжан Асқар Қазақстан футбол федерациясы ұйымдарстырған ВАР жүйесіне қатысты ашық есік күніне қатысқаны жайлы айтып берді:

“ВАР–дың жұмысын көрдік. Біздегі трансляциядағы қайталаулар және бір–екі ракурс бар. Оның барлығын трансляцияға беруге бола ма? деп сұрақ қойдым. Болады екен. Қай бір жылдары бізден ракурстарды тығатын еді, қазір олай емес екен. ВАР не көреді, соны трансляцияға беруге болады. Камера саны көбейген сайын, соншалықты ВАР–дың да жұмысы жеңілденеді екен”, – деді Әлімжан Асқар.

122 days ago 20.04.2026
ҚПЛ-2026 Ақтөбе ФК Жеңіс ФК
Елдос Ахметов: Әли Әлиев өзін тығырыққа тіреп, ойынды алып шықты
Автор
Елдос Ахметов
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турын ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, Қазақстан ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов "Жеңіс" – "Ақтөбе" ойынына қатысты өз пікірін білдірді:

“Екі бапкергеде менің ойымша қысым болды бұл ойында. Өйткені, Әли Әлиев өткен ойыннан кейін келесі ойынды жеңемін деп уәде берген еді. Сол себепті өзін тығырыққа тақап, бүгінгі ойынды алып шықты. Менің ойысша, “Жеңіс” көбірек мүдделі болды бұл ойында”, – деді Елдос Ахметов.

Қазақстан Премьер–лигасының алтыншы турында “Жеңіс” өз алаңында “Ақтөбеден 1:0 есебімен басым түсті.

126 days ago 16.04.2026
Чемпиондар лигасы Ерсін Ерік Олжас Байбосын Fonteam Подкаст Арсенал Атлетико Мадрид
Ерсін Ерік: "Атлетико" – "Арсенал" тактикалық қырқыс болады"
Автор
Ерсін Ерік
Автор

Fonteam YouTube-арнасының кезекті подкастында Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындарына шолу болды.

Подкаст резиденті, танымал спорт комментаторы Ерсін Ерік жартылай финалдағы “Атлетико” мен “Арсенал” текетіресі тактикалық тұрғыдан өте қызық болатына сенімін білдірді:

“Атлетико” мен “Арсенал” ойыны да маған қызық негізі. Бұл ойын тактикалық тұрғыдан қырқыс қой. Мысалға, “Атлетико” үш қорғаушымен қорғанады, ал “Арсенал” бапкері мықты тактик, білесіздер”, – деді Ерсін Ерік.

Олжас Байбосын керісінше, бұл текетірес голдарсыз өтіп, пенальти сериясына баратынына сенімділік білдірді:

“Екеуініңде қорғанысы  мықты, екеуі де аса бір тәуекелге бара бермейді, бұлар асықпай, жәй–жәй майда фолдармен пенальти сериясына барып тебіседі”, – деді Олжас Байбосын.

Поиск по тегам

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17